Асайын Байханов металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады

Ол металлургия – өңір экономикасының берік тірегі екенін атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақ басшысы өңір тұрғындарын Металлургтер күні мерекесімен құттықтады.
– Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің, жоғары кәсібиліктің арқасында еліміздің өндірістік әлеуеті артып, экономиканың өсіміне, экспорттың кеңеюіне мықты негіз қалануда. Бүгінде бұл салада бір емес, бірнеше ұрпақ еңбек ететін тұтас әулеттер жұмыс істейді. Айрықша алғысымды металлургияның негізін қалаған ардагерлерге және бүгінгі өндірісті жаңа идеялармен толықтырып жүрген жас мамандарға білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз өз ісіне деген мақтаныш пен адал қызметтің айғағы, – деді облыс әкімі.
Ол баршаға ерен еңбектері үшін алғыс айтып, бас иетінін жеткізді. Сондай-ақ, бұл – қажыр-қайратты, төзімділік пен кәсіби шеберлікті талап ететін нағыз ерлікке пара-пар жұмыс екенін атап өтіп, еңбектің әрдайым лайықты бағалануын, ал шаңырақтарда - жылулық, сүйіспеншілік пен жанашырлық үстемдік етуін тіледі.