Павлодарлық дәрігерлер ер адамның көз жанарын толықтай қайтара алды

Павлодарлық дәрігерлер ер адамның көз жанарын толықтай қайтара алды
Фото:pixabay.com/newarta

Науқастың көздің ішіндегі шыны тәріздес денесіне қан құйылып кеткен болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қант диабетімен ауыратын ер адам үш отадан өткен.

– Екі жыл бұрын менде қан кету болды. Мен ауруханаға бардым. Дәрігер Қасымхан Абылайханұлының арқасында үшінші операцияда 40 пайыздық көру қабілеті пайда болды, ал басында  нөл болған еді, –  деп бөлісті науқас Владимир Волков.

Науқаста қант диабетінің асқынуы шыны тәрізді денеге қан кету және торлы қабықтың қайталама бөлінуіне әкеп соқты. 

– Бұрын мұндай науқастар алыс шетелдерге немесе республикалық микрохирургия орталықтарына кетуге мәжбүр болып, алтын уақытын  жоғалтқан, – деді облыстың бас штаттан тыс офтальмолог дәрігері, офтальмология бөлімінің меңгерушісі Қасымхан Тілеубаев.

Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасындағы заманауи жабдықтардың арқасында дәрігерлер жоғары деңгейде ота жүргізуде. Офтальмологиялық бөлімде офтальмологиялық коагуляциялық лазер, когерентті томограф, Infiniti және STELLARIS ультрадыбыстық операциялық жүйесі және басқа да заманауи аппараттар қолданылады. Infiniti vision офтальмологиялық жүйесін енгізу трабекулоэктомия мен көз алмасын энуклеациялауды қоса алғанда, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл ауруханада жату мерзімін қысқартуды, тез оңалтуды және жарақаттанудың төмендігін қамтамасыз етеді.

Мұндай күрделі және қымбат операциялар МӘМС шеңберінде сақтандырылған азаматтарға қолжетімді.