Асайын Байханов ОКҚ-де облыстың дамуы туралы баяндауда (ВИДЕО)
Павлодар облысының әкімі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруде, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
– Бүгінгі таңда Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары - ұлттық және өңірлік стратегияларға, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауларына сәйкес жүзеге асырылып жатқандығын баса айтқым келеді. Өңірдің барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері – оң динамикаға ие, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі бүгінде Павлодар облысында электр энергия мен көмір өндіру, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу және машина жасау көлемі сенімді түрде артып келе жатқанын атап өтті.
Онлайн көрсетілімді келесі сілтемелер арқылы көруге болады: https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz, https://www.youtube.com/user/ortcomkz