Асайын Байханов павлодарлықтарға дайджест форматында есеп береді
Облыс әкімінің жеке парақшасында алдағы бес күнде бейне-баяндар топтамасы шығатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің негізгі міндеттерінің бірі – халық алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беру. Аймақ басшысы өткен, 2023 жылдық есебінде облыстық бюджеттің ашықтығын көрсетіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру барысы туралы дайджест форматында баяндайды.
– Өз Инстаграм парақшамда әр сала бойынша алдағы 5 күнде бейне-баяндар топтамасын күнделікті жариялаймын. Бейне хабарламаның астында сұрақтар мен ұсыныстарды жазуға болады. Барлық сұрақтарға арнайы тікелей эфир өткізіп - жауап беремін,– деп жазды Асайын Байханов өзінің жеке парақшасында.
Олардың күні мен уақыты қосымша хабарланады. Алдағы 2024 жылдың жоспарлары туралы наурыз айында толықтай баяндау көздедім.