Баянауыл орманшылығының аумағы отқа оранды

Жалпы ауданы 0,45 га қураған ағаштар мен шымтезек өртенді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД пультіне 17 шілдеде сағат 14:10-да Баянауыл ауданындағы орманшылық аумағында орын алған өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында сағат 15:05-те өрт толықтай жойылды.