Асайын Байханов павлодарлықтарға дайджест форматында есеп береді

Асайын Байханов павлодарлықтарға дайджест форматында есеп береді
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімінің жеке парақшасында алдағы бес күнде бейне-баяндар топтамасы шығатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің негізгі міндеттерінің бірі – халық алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беру. Аймақ басшысы өткен, 2023 жылдық есебінде облыстық бюджеттің ашықтығын көрсетіп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру барысы туралы дайджест форматында баяндайды.

– Өз Инстаграм парақшамда әр сала бойынша алдағы 5 күнде бейне-баяндар топтамасын күнделікті жариялаймын. Бейне хабарламаның астында сұрақтар мен ұсыныстарды жазуға болады. Барлық сұрақтарға арнайы тікелей эфир өткізіп - жауап беремін,– деп жазды Асайын Байханов өзінің жеке парақшасында. 

Олардың күні мен уақыты  қосымша хабарланады. Алдағы 2024 жылдың жоспарлары туралы наурыз айында толықтай баяндау көздедім.