Асайын Байхановтың Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі басталды

Асайын Байхановтың Тереңкөл ауданының тұрғындарымен кездесуі басталды
Фото: Константин Шелков

Кездесу Тереңкөл ауылының мәдениет үйінде өтуде, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz. 

Өңір басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.

Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілуде. Эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қолжетімді болады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі бұған дейін Тереңкөл ауданында жұмыс сапарымен барып, аудандағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. 

Биыл Тереңкөлде 6 ауылдың кіреберіс жолдары жөнделеді. Бұл – Фрументьевка және Жасқайрат, Федоровка, Байқоныс, Трофимовка, Воскресенка ауылдары. Сондай-ақ Қызылтаң ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында сауық орталығының құрылысы басталып, 3,2 км жол жөнделуде. 2024 жылы Калиновка ауылындағы мәдениет үйі, мектеп және медициналық пункт қайта жөндеуден өтеді.