Екібастұздық оқушылар мемлекет пен меценаттардан көмек алуда

Екібастұздық оқушылар мемлекет пен меценаттардан көмек алуда

Көмек «Мектепке жол» қайырымдылық акциясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, кеншілер шаһарында көмекке мұқтаж 600-ден астам оқушының тізімі жасалған.

- Халықтың әлеуметтік осал топтарына білім алушыларды мектепке дайындау барысында көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде қала меценаттары, кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері, ата-аналар Екібастұз қаласының білім беру ұйымдарына белсенді ат салысып, білім алушыларға жан-жақты көмек көрсетіп, белсенділік танытуда, - делінген хабарламада.

Акция «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізілуде. Көмеккке мұқтаж балалардың деректер банкін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әрбір орта білім беру ұйымдары бойынша тізімдер қалыптастырылды. Бүгінгі күні 628 оқушының тізімі жасалды.

Білім бөлімінде балаларды мектепке дайындау мәселелері бойынша ата-аналар жүгіне алатын «Жедел желі» телефондары (тел.28-0345, 87479758872) барын еске саламыз.