Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Тамыз конференциясы өтті
Биылғы конференция «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгінгі жиында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар айқындалды.
Конференция аясында білім беру саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге арналған «Білім болашағы» атты ауқымды көрме өтіп жатыр. Қатысушыларға цифрлық құралдар, интерактивті платформалар, әдістемелік әзірлемелер мен оқу процесін икемді әрі тиімді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін көрсететін технологиялар таныстырылды. Шараға еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам білім саласының қызметкерлері мен еңбек ардагерлері қатысты.
– Ұлтымыздың келешегін айқындайтын тарихи өзгерістер табысты болуы үшін, ең алдымен, қоғамдық сана жаңғыруға тиіс. Бұл істе мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің рөлі айрықша маңызды. Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал адамды, оның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан мемлекет білім жүйесін дамытуға әрдайым баса назар аударады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы алдағы бес жылда Қазақстанда 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынатынын атап өтті. Сонымен бірге, 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, білім ошақтарында 7 мыңнан астам заманауи пән кабинеті жабдықталды.
— Ұлтымыздың келешегін айқындайтын тарихи өзгерістер табысты болуы үшін, ең алдымен, қоғамдық сана жаңғыруға тиіс. Бұл істе мәртебелі мамандық иесі — мұғалімнің рөлі айрықша маңызды. Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал адамды, оның дүниетанымын өзгерту — нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Сондықтан мемлекет білім жүйесін дамытуға әрдайым баса назар аударады, — деді Президент.
Салтанатты шарада халықаралық олимпиадаларда топ жарған дарынды оқушыларды ынталандырумен қатар, ғылыми жобалар байқауында жеңіске жеткен балаларға да ақшалай сыйақы берілетіні туралы айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл дарынды жастарды қосымша қолдау шараларын қолға алуды тапсырды.