Павлодарда ірі сауда желісіндегі тауарлардың мерзімі тексеріледі
Бұл іспен кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары айналысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғыны «Greenwich» супермаркетіндевитринадағы шұжықтарда жалған мерзім белгілерін байқаған.Маринадталған шошқа етінің кәуабында төменгі жапсырмада мерзімі 20 шілде, ал оның үстіне 22 шілде деп жазылған жапсырманы көріп қалған. Бұл туралы әйел адам Instagram желісіндегі парақшасында жазған.
– Барлық контейнерлерде ескі бағаның үстіне жаңа жапсырма жабыстырылғанын көруге болады. Тіпті, жабыстырмайды, бәрі көрініп тұр. Олардың қаншалықты осылай жиі жасайтыны белгісіз, – деді тұтынушы.
Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі дүкендегі тауарлардың жарамдылық мерзімі белгілерін тексеретіндерін хабарлады.