Атамекен кентінде ұлттық ойындардың 10-нан астам түрінен жарыс өтті

Атамекен кентінде ұлттық ойындардың 10-нан астам түрінен жарыс өтті
Фото: Константин Шелков

Атамекен кентінің 110 жылдығы тойланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының маңында орналасқан Атамекен кентінің 110 жылдық мерейтойы қарсаңында мерекелік концерт, балаларға арналған бағдарлама, қолөнершілер көрмесінен бөлек спорттық шаралар ұйымдастырылды. 

Атап айтқанда, қазақ күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, асық ату, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, садақ ату, бес асық, аударыспақ, таяқ тарту, тоғызқұмалақ, жілік шағу, көңілді старт сынды ұлттық ойындар өткізілді.

Жарыс қорытындылары бойынша, қазақ күресінен - Рахат Манап, қол күресінен - Дамир Шаяхмет, гір спортынан  - Руфат Дүйсекеев, асық атудан - Жасұлан Түспеков, бес асықтан - Дана Асылбекова, аударыспақтан - Алмас Бағдат, таяқ тартудан - Мұхтар Дәлелханұлы, тоғызқұмалақтан - Надир Ахметов, ләңгі тебуден - Маханбет Абдурахманов, арқан тартудан - Майқайыңң командасы, көңілді стартта - Сұңқар командасы, жілік жарудан - Темірғалы Құдайбергенов, қошқар көтеруден  - Диас Қалил жеңімпаз атанды.