Екібастұзда көлікте кептеліп қалған әйел құтқарылды
Әйел адам Екібастұз қалалық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының мәліметінше, 14 қыркүйек күні сағат 12:44-те кезекші 112-ден саяжайға қарай автобанның жанында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Екі адам зардап шекті. Олардың біреуі көліктен шыға алмады. Екібастұз қаласының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен сол жерге келіп, жүргізуші есігін ашты. Олар әйелдің аяғын босатып, көліктен шығарып, 103 қызметіне тапсырды.
Жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен әйелдің жасы – 63-те. Тағы бір зардап шеккен адам – 72 жастағы ер адам. Оған кеуде қуысының көгеруі диагнозы қойылған.