Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Түркиядан жүлделі оралды
Анкара қаласында 13, 15, 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 күнге созылған жарысты Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы өткізді. Оған Түркия, Молдова, Румыния, Қазақстан елдерінің спортшылары қатысты.
Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер құрама командасының іс сапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі ,Самұрық-Қазына қоры мен Спорты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетті.
Нәтижесінде павлодарлық спортшылар жеңіспен оралды: Сапар Тамерлан классика түрінен бірінші, ал рапид түрінен үшінші орын, Аружан Азат пен Арнат Каириденов рапид түрінен бірінші орынды иеленді.