Аты аңызға айналған павлодарлық желаяқ шәкірті екі жарыста топ жарды

Аты аңызға айналған павлодарлық желаяқ шәкірті екі жарыста топ жарды
Фото: Арман Тұрсыновтың жеке архивінен

Павлодарлық жеңіл атлет Арман Тұрсынов бір апта ішінде екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алдымен павлодарлық спортшы Қостанай жартылай марафонында, кейін «Көкшетау жалыны» жарысында өз мүмкіндігін дәлелдеді.

Қостанайда өткен жартылай марафонда спортшы он шақырымдық қашықтықта 18–34 жас аралығындағы санатта үшінші орынды иеленді. Бұл старт Арман Тұрсынов үшін маусымдағы маңызды сынақ болды.

Араға бірнеше күн салып, ол Көкшетаудағы бес шақырымдық қашықтықта жүгіріп, жоғары қарқын көрсетіп, абсолютті есепте екінші орынды жеңіп алды. Бұл жолы бәсекелестер арасында кәсіби триатлоншылар да болды, сондықтан жарыс деңгейі айрықша жоғары болды.

- Әрбір старт маған баға жетпес тәжірибе береді. Қостанайда өзімнің дұрыс бағытта келе жатқанымды сезіндім, ал Көкшетауда жанкүйерлердің қолдауы мен қарсыластардың энергиясын ерекше қабылдадым. Бұл жарыстар әлі де өсуге мүмкіндік бар екенін көрсетті, ол маған күш пен мотивация сыйлайды, — дейді Арман Тұрсынов.

Жас спортшының айтуынша, жеткен жетістіктерінде бапкері Виктор Бондарьдың, отбасылық қолдаудың және Дайхард жүгіру қауымдастығының орны ерекше. Арман Тұрсынов алдағы сындарға дайындалып, жаңа мақсаттарға ұмтылмақ.