Атыраудағы концерт кезінде 170-тен астам бала жоғалып кеткен
Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуірде өткен.
Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полиция қызметкерлеріне бала жоғалды деген дерекпен 170-тен аса шағым келіп түскен. Оның 125-і жасөспірім - 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.