«Павлодарэнергосбыт» сервистік орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейді

Төлемдерді қабылдау пункттерінің жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22, 23, 25 наурыз күндері – демалыс. 21 және 24 наурызда келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Павлодар қаласы:
- Кривенко көшесі, 27, 9:00-ден бастап 14:15-ке дейін;
- Ломов көшесі, 160, 9:00-ден бастап 14:15-ке дейін;
- Ак. Сәтбаев көшесі, 101, 9:00-ден бастап 13:45-ке дейін.
Ақсу қаласы:
- Вокзал көшесі, 11, 9:00-ден бастап 13:45-ке дейін;
- Қамзин көшесі, 33, 9:00-ден бастап 14:15-ке дейін.
Төлемді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk) мобильді қосымшалары, «Astana Plat» ЖШС (kassa.24) төлем терминалдары арқылы жүргізуге болады.
Жеке кәсіпкерлер компанияның қызметтері үшін төлемақыны «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) АҚ мобильді қосымшасы, «Kaspi Pay» мобильді қосымшасы арқылы деректемелер бойынша жүргізе алады.