Аяз, боран: Павлодар облысында ауа райы күрт өзгереді
Аптаның ортасында күрт суытады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 21 қаңтарда қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0...-5°С-қа дейін төмендейді.
22 қаңтарда күні бойы қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде 0...-5°С, ал күндіз -5°С-тан -10...-15°С, ал облыстың солтүстігінде -20°С-қа дейін күрт төмендейді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 15-20 метрге, ал күндіз екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
23 қаңтарда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -22...-27°С, ал күндіз -22...-27°С-ты көрсетеді.
24 қаңтарда да жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -27...-33°С, ал күндіз -20...-25°С-қа дейін суытады.
Сенбіде қар жаумайды. Сынап бағанасы түнде -20...-25°С, ал күндіз -10...-15°С-ты көрсетеді.
Жексенбіде де жауын-шашын түспейді. Ауа температурасы түнде -15...-20°С, ал күндіз -10...-15, ал облыстың оңтүстігінде -7°С болады.