АҚШ-та қатерлі ісікке қарсы тәжірибелік вакцина кей науқасты дертінен айықтырды

АҚШ-та қатерлі ісікке қарсы тәжірибелік вакцина кей науқасты дертінен айықтырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

 АҚШ-та қатерлі ісікке қарсы «амивантамаб» тәжірибелік вакцина сынақ барысында кейбір науқастардың сырқатынан айығуына себеп болған, деп хабарлайды Kazinform БелТА-ға сілтеме жасап.

— «Амивантамабты» қабылдау бұрын иммунотерапия мен химиотерапиямен емделген бас пен мойынның жалпақ жасушалы карциномасы бар науқастарға тұрақты оң әсер етті. Расталған реакцияның жалпы көлемі — 42%. Пациенттердің үштен бірінен астамы толығымен оң реакцияға ие болды, — делінген  Johnson& Johnson компаниясының баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, вакцинаға қатысты зерттеуге 102 науқас қатысқан. Препарат ауруы қайталанған немесе дәстүрлі емге көнбейтін жаңа метастаздары пайда болған пациенттерге қолданылған.

«Амивантамаб» инъекциясынан кейін науқастардың үштен бірінен астамында ісіктердің көлемі азайған. 15 науқаста ісік толық жойылған.

Сондай-ақ бұл инъекция өкпе қатерлі ісігі бар науқастарда да оң нәтиже көрсеткені хабарланды.