Ақсу қаласы әкімінің орынбасары жазаланды

Ақсу қаласы әкімінің орынбасары жазаланды
Фото: Константин Шелков

Облыста «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласында прокурорлар «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандар үшін құрылыс бөлімінің шамамен 500 млн теңгені негізсіз аударғанын анықтады.

Атап айтқанда, тапсырыс беруші бес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүзеге асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасады.                           

Бұл ретте, құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен бес айға артта қалып жүргізілуде.

– Ақсу қаласы әкімдігінің қадағалау актісі бойынша артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде мемлекетке 60 миллион теңге қайтарылды, – деді облыстық прокуратурада. 

Жол берілген бұзушылықтар үшін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды. Ал әдеп жөніндегі кеңес құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруға ұсынылды.