Ақсу қаласында металлургтер күніне орай тамаша кеш ұйымдастырылды

Ақсу қаласында металлургтер күніне орай тамаша кеш ұйымдастырылды
Фото: Константин Шелков

Бұл мерекелік іс-шараға еліміздің эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының ферроқорытпа зауыты металлургтер күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік іс-шара ұйымдастырды.  Бұл концертте зауыт қызметкерлері мен арнайы шақырылған қонақтар марапатталып, ақшалай сыйақыға ие болды.

– Бүгінгі қала күні мен металлургтер күніне орай ұйымдастырылған кеште ақсулықтар  Қазақстан эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның, Raim және жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалады, – деді Ақсу ферроқорытпа зауыты мәдениет бөлімінің директоры Габибова Наталья.

Қала күні мен металлургтер күніне арналған мерекелік іс-шараны көруге басқа қаладан келгендер де бар. Металлургтер қаласына келген Еркебұлан Бектемір мерекеге орай ұйымдастырылған шараға жоғары баға берді.

Концерт өте керемет өтуде. Негізі Павлодар қаласына қонақ болып келгенмін. Досым барып қайтайық деген соң келдім. Алайда жұлдыздарды көрем деп ойламап едім. Өзіме қатты ұнады, дейді Теміртау қаласының тұрғыны  Еркебұлан Бектемір.

Айта кету керек, мерекелік концерттен бөлек балаларға арналған бағдарлама мен «Зауыт батыры» байқауы ұйымдастырылды. Байқау жеңімпазы мен қатысушыларына ақшалай сыйлық пен кубок табыс етілді.

Фото: Константин Шелков