Павлодар облысының ең сұлу арулары іріктеледі (ВИДЕО)

Павлодар облысының ең сұлу арулары іріктеледі (ВИДЕО)

 8 ақпан күні сағат 15.00-де «Ertis Aruy 2023» сұлулық байқауының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

– Құрметті қыздар, сіздерді сұлулық байқауына қатысуға шақырамыз! Ереже бойынша  байқауға қатысатын арулардың жасы 16-24 аралығында болуы тиіс.  Бойы 164 см-ден кем болмауы керек, қазақ аруына тән инабаттылығы, көркі, білімі болуы  қажет, – дейді «Шаңырақ» орталығында. 

Сондай-ақ мемлекеттік тілде еркін сөйлеуіне, сөз тапқырлығына, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жақсы білуіне назар аударылады. 

Байланыс телефоны: 8-775-18-86-10

Фото: Константин Шелков