Павлодарлық музыкант Шығыс Пруссияда концерт қойды

Павлодарлық музыкант Шығыс Пруссияда концерт қойды
Фото: @doseplease

Музыкант өз тыңдаушыларын мақтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Dose деген лақап атпен танымал павлодарлық музыкант Айдос Жұмалинов Калининградта концерт беріп, оның үзіндісімен Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбада жиналғандар бірге «Вокруг света» әнін айтады, қайырмадан кейін Dose оларға «жарайсыңдар» деп алғысын білдіреді.

Күні кеше музыкант жанкүйерлерін тағы бір шығарылымымен қуантты. Оның «Голливуд» трегі шықты. Ол Олег Бекназаров пен Владимир Галатпен бірлесіп жазылған. Ән барлық цифрлық платформаларда қолжетімді. Айдос Жұмалинов «Яндекс. Музыкада» қазақстандық музыканың бет-бейнесіне айналды. Сондай-ақ, плейлистке тағы бір павлодарлық Truwer – Саян Жиембаевтің «Golden Dragon» трегі бар.

Dose 1993 жылы 28 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген. Заңгер мамандығы болғанына қарамастан, ол өзін музыкаға арнауды шешті. Тағы бір танымал павлодарлық Скриптонитпен танысқан Айдос Джумалинов біраз уақыт жерлесіне концерттік продюсер болды. Кейін Айдос Dose лақап атымен жеке мансабын бастады.