Ақсу қаласында стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

Ақсу қаласында стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды
Фото: ПД баспасөз қызметінен

Бұзушылық «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары КамАЗ маркалы автокөлікте қала аумағында құрылыс қоқыстарын шығару мен түсіруді жүзеге асырған, сол арқылы стихиялық қоқыс үйіндісін ұйымдастырған ер адамды ұстады. 

- Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша экология департаментіне қажетті материалдар жиналып, жолданды, – деді Ақсу қаласының полиция бөлімінің бастығы Айдар Сламбеков. 

Айта кету керек, қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіреді. Елді мекендердің санитарлық жағдайын нашарлатады және экологиялық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Экологиялық заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салуды және келтірілген залалды өтеуді қоса алғанда, әкімшілік жауапкершілік көзделген.

«Таза Қазақстан» акциясы халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыруға және елді мекендерде тазалықты сақтауға бағытталған. Акция аясында аумақтарды абаттандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.