Павлодар облысының қожалықтары комбайн сатып алу мәселесін қарастырды
Бұл комбайндар астық жинау жұмыстарын атқаратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Лизингке техника – шаруа және фермер қожалықтарының астық жинайтын комбайндарын сату мәселелері бойынша кездесу өтті.
Ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған кездесуге «ҚазАгроҚаржы» ЖШС, «КомТрансЛизинг» ЖШС, «Технолизинг» ЖШС лизингтік компанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сатып алу шарттары, оны бүгінде лизинг арқылы немесе елдегі ауыл шаруашылығын қолдау және дамыту мақсатында бастамамен құрылған несие қаражаты туралы сөз қозғалды. Басқарма басшысының маусымдық далалық жұмыстарды жүргізуге несие беру, несие мөлшерлемесі жөніндегі жоспарларға қатысты барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, өндірістің жаңалықтарына ерекше назар аударылды.
Қабылданып жатқан шаралар өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды қадамдары болып табылады.