Ақсуда алты автобус уақытша бағытын өзгертеді

Ақсуда алты автобус уақытша бағытын өзгертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спорттық шараға байланысты жолдар жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

8 қыркүйекте сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Ақсу қаласында «ERG Run Fest» жүгіру фестивалі өтеді. Оған 3, 5, 10 және 21 шақырым жарыстар, сондай-ақ балалар қашықтығы кіреді.

Осыған байланысты «Теміржол вокзалы» аялдамасынан өтетін № 3, 5, 6 қалалық маршруттары және Дөнентаев, Қамзин, Желтоқсан, Набережная, Пушкин, Момышұлы, Әуезов көшелері бойымен жүретін № 2, 4, 10 автобустары уақытша қозғалыс бағыттарын өзгертеді.