Ақсуда мектеп дәретханасында темекі шеккен оқушы ұсталды

Ақсуда мектеп дәретханасында темекі шеккен оқушы ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қыз бала14 жаста, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше,  Ақсу қаласының бір мектебінен хабарлама түскен. Учаскелік полиция қызметкері 14 жастағы оқушының мектеп дәретханасында темекі шеккенін анықтаған. 

– Мектепке заңды өкіл шақырылды. Темекі өнімін тыйым салынған жерде тұтынғаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған оқушымен осындай бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді, – деді департаментте.

Тәртіп сақшылары егер құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 телефоны бойынша, «police 102» мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасына ақпарат жіберуге болатынын еске салады.