Павлодарда жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара барысында жастар жазғы кезеңге арналған өзекті вакансиялармен таныса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, қалада «JJ: Jastarga Jumys» жобасы аясында жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылады. 

Басты мақсат – жастарға жазғы маусымда жұмыс тауып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік беру.

Жәрмеңкеге қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар туралы толық мәлімет алып, әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей сөйлесе алады. Бұл ретте мамандар жұмыс іздеудің тиімді жолдары мен сұхбаттан сәтті өту бойынша пайдалы кеңестерін бөліспек.

Кездесу 8 мамыр күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында өтеді.