Ақсуда құтқарушылар гараждағы жарылыстың алдын алды

Олар өрттен үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 07:07-де гараждың бірі жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер жедел түрде 10 шаршы метр алаңында жеке меншік үйдің гаражын сөндіруге кірісті.
– Жарылысты болдырмау мақсатында өрт сөндірушілер әрқайсысы 27 литрлік үш газ баллонды шығарды, – деді департаментте.
Өрт сағат 07:56-де толықтай жойылды. Департамент тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.