Екібастұздықтар есірткімен күрес күнін спортпен атап өтті

Екібастұздықтар есірткімен күрес күнін спортпен атап өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

100-ден астам спортшы бірге қадам басты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық полиция департаменті мен қалалық ішкі саясат бөлімі «Екібастұз – есірткіден азат аумақ» атты кең ауқымды жеңіл атлетикалық жүгіріс өткізді.

Жарқын спорттық шара Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған. Әсіресе, Мұхтар Әуезов көшесіндегі жасөспірімдер үшін қалалық Спорт басқармасының ұйымдастыруымен ойын-сауық алаңы мен танымдық алаңшалар ұйымдастырылды, – дейді ұйымдастырушылар.

Шараға қала колледждерінің студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жүгіруге қала тұрғындары да қосылды. 100-ден астам спортшы «Болашақты сақта! Қатыс!» деген ұранмен 1 шақырымды бағындырды.

Науқанға қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйі музыкалық сүйемелдеумен қолдау тапты. Шара жеңімпаздарды марапаттаумен және жарысқа қатысушыларды естелік ретінде жалпы суретке түсірумен аяқталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жастар орталығы (@crmi_ekb)