Павлодарлықтар спорт туралы бейнеролик түсіріп, сыйлықтар ұта алады

Павлодарлықтар спорт туралы бейнеролик түсіріп, сыйлықтар ұта алады
Фото: pexels.com

Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы жастары қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 «New vision team» қоғамдық қоры «Менің таңдауым - Спорт» бейнероликтер байқауына өтінімдер қабылдана басталғаны туралы хабарлайды. Байқаудың мақсаты – денсаулықты сақтау, нығайту, жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

– Бейнероликтің ұзақтығы 45 секундтан 1 минутқа дейін болуы керек. Ең бастысы – спорт пен салауатты өмір салты тақырыбын көрсетуі қажет,– делінген хабарламада. – Өз талантыңды көрсетіп, құнды сыйлықтарға ие болу мүмкіндігін жіберіп алма!

Байқауға қатысу үшін Instagram әлеуметтік желісінде жұмысты @uior.pavlodar, @nvt_kz парақшаларын белгілей отырып, #МеніңтаңдауымСпорт2024 хэштегімен жариялау керек. Қатысушының профилі ашық және @nvt_kz парақшасына жазылымы болуы қажет.

Өтінімдер WhatsApp желісіндегі 8 (705) 190-21-10 нөміріне жолданады. 

Өтінімдерін қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады.