Павлодар ауданында мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері конкурсқа шығарылды

Павлодар ауданында мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері конкурсқа шығарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жер телімдері Заря, Кеңес және Шақат ауылдық округтерінде орналасқан және 15 жылға жалға беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жалпы ауданы 1 230 гектардан асатын жер қоры конкурс арқылы пайдалануға берілмек. Оның ішінде 632,2 гектары жайылым, 120,7 гектары түпкілікті жақсартылған жайылым және 474,1 гектары егістік алқабына тиесілі. Сондай-ақ өзге де мақсаттағы алқаптар қарастырылған.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 маусым мен 19 маусым аралығында қабылданады. Құжаттарды Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10 мекенжайы бойынша қолма-қол немесе почта арқылы тапсыруға болады.

Мамандардың айтуынша, өтінім берушілер әр лот бойынша бір гектарға салынатын инвестицияның болжамды көлемін нақты көрсетуі тиіс. Бұл мәліметтер жазылмаған жағдайда, өтінім тиісті өлшемшарттар бойынша қаралмайды.

Жер учаскелері Заря, Кеңес және Шақат ауылдық округтерінде орналасқан. Барлық телімдер 15 жыл мерзімге жалға беріледі. Жердің сапалық сипаттамасы бойынша топырақ құнарлылығы (балл бонитеті) 14-ті құрайды.

Конкурс 22 маусым күні сағат 15:00-де Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайында өтеді. 

Қосымша ақпарат пен жер учаскелерінің толық тізімін аудандық әкімдіктің ресми сайтынан немесе 8 (7182) 22 20 21 телефоны арқылы білуге болады.