Асайын Байханов тұрғындардың жеке мәселелеріне құлақ асты
Кездесуде облыс әкіміне заманауи инклюзивті дамыту орталығының бизнес-жоспары ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар өңір басшысына тұрғын үй беру, инклюзияны дамыту, бизнесті қайта қаржыландыру, тіл саясаты және тағы басқа мәселелермен жүгінді:
- Шарбақты ауылының тұрғындары стихиялық қоқыс үйінділеріне, сапасыз тұрғын үйлерге, ветеринария және зираттың аумағын абаттандыру мәселелеріне шағым білдірді;
- Екібастұзда ИНЕУ колледжінің филиалы үшін қолайлы ғимаратты іздеу бойынша сұрақты оқу мекемесінің басшылары талқылады;
- «Казлидер Мех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрман Нүптікеев облыс әкімімен былғары шикізатын өңдеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын талқылады;
- «Инклюзивті тәжірибелер орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Светлана Михайлюк өңір басшысымен кездесуде Павлодарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған заманауи инклюзивті дамыту орталығын ашу бойынша әзірленген бизнес-жоспар туралы баяндады.
Барлық өтініштер бойынша облыс әкімі жан-жақты түсіндірмелер мен тапсырмалар берді.
Естеріңізге саламыз, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға е-gov, E-otinish.kz, +7(702)166-16-61 WhatsApp нөмірі арқылы жазыла алады.