Аққулы ауданында «Қасиетті Мерғалым ата» кесенесі мен қонақ үй ашылды

Аққулы ауданында «Қасиетті Мерғалым ата»  кесенесі мен қонақ үй ашылды
Фото: Константин Шелков

«Мерғалым ата» мазары облыстық сакралды география тізіміне енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, есімі көпке мәлім Мерғалым Мұхтариханұлына арнап көтерілген күмбезді кесене мен зиярат етушілерге арналып қонақ үй салынды.  

– Кесененің көлемі  6х8 метр, биіктігі 4 метр болмақ. Күмбезінің биіктігі 3 метрге жуықтайды. Құрылыс үш кәсіпкердің демеушілігімен жүргізілді. Сондай-ақ маңындағы ауылдардың жігіттері келіп көмектесіп, ауылдың әйелдері құрылысшыларға күнделікті тамақ дайындап беріп отырды. «Мерғалым ата» қонақ үйінің ашылуына байланысты зиярат етушілер мен туристер саны күн арта көбейеді деген сенімдеміз, – деді резерватта. 

Сондай-ақ қонақ үйге қазандық салынып, құдық қазылды, құдыққа Меккеден әкелінген зәм-зәм суы құйылған.

Лебяжі ауданына қарасты қазіргі Мерғалым, бұрынғы Қорт ауылының тумасы Мерғалым Мұхтариханұлы Қабдуллин бар-жоғы 51 жыл өмір сүрген. Аз ғана ғұмырының 40 жылға жуығын сынық салуға арнады. Мертіккен жандардың сүйегін таңу қасиеті оған атасы Қабдоләшімнен дарыған екен. Небәрі 10 жасында Мерғалым атаға бір қария келіп, аян берген.  

Сол кезден бастап бала Мерғалым қол-аяғын мертіктіріп, көмекке мұқтаж жандарға риясыз көмек көрсете бастайды. Тіпті сүйегі әбден шашылып, жамбасы сынған адамды аяққа тұрғызатындай қасиет болған. Мерғалым Мұхтариханұлының сынықшылық қасиеті елімізге ғана емес, шетелге де танылған. Бүгінде халық емшісінің есімі Ресей Федерациясының Омбы, Новосібір облыстары мен Алтай өлкесіне де мәшһүр.    

Мерғалым  Ғабдуллин көзінің тірісінде аңызға айналған адам. Елдің айтуында бала кезінде әлдекімге ренжісе, сол адамның бір жері буынынан тайып кетеді-мыс. Халықтың ашқұрсақ уақытында өмір есігін ашып, соғыстан кейінгі жылдардағы ауыртпашылықты арқасымен сезініп өскен. Әдетте адамды меңдеген  нақты дарын өз ортасына ерекше шуақты болып келеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ргу Глпр Ертіс Орманы (@ertisormany_2003)