Баянауылда құсбегілер жарысты

Баянауылда құсбегілер жарысты
Фото: Баянауыл ауданының әкімдігі

Аталмыш жарысқа 10-нан астам бүркітші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауданы спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен КСРО бойынша аңшылық өнердің үздігі Мәуия Әбікеевті еске алуға арналған шырға тарту турнирі өтті. 

–  Құсбегінің сара жолын жалғап, ұлттық спорттың жанашырлары арасында қызу сайыс өтті. 14 бүркітші құстарын баптап, жарысқа сайланып келді, – дейді ұйымдастырушылар. 

Жарыс қорытындысы бойынша, үшінші орынды Қарағандыдан келген Арман Мәтей Боран атты бүркітімен алса, екінші орынға жүлдегердің жерлесі Назарбол Бүркітханның Дәуқара атты бүркітімен ие болды. Ал жарыстың үздігі атанған Ақсу қаласының құсбегісі Алан Искаков иеленді.