Аққулы инспекторының көмекшісі бір тәулік аязда тұрған жүргізушіге көмекке келді
Ер адам Өскемен қаласынан Астанаға бет алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі сағат 23.00-де патрульдеу кезінде Омбы - Майқапшағай автожолында аға лейтенант Жұмажан Құнанбаев «Вольво» маркалы жүк көлігін көрген.
– Жүргізуші Өскемен қаласынан елордаға барып, 25 тонна жүк тасымалдаған. Ол ол шамамен бір тәулік тұрғанын, жанармайы қатып қалғанын айтқан. Жұмажан еш ойланбастан полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабарлап, көмек сұраған және өзі қызметтік автокөлікпен тоңып қалған жүргізушіні үйіне алып кеткен, – дейді департаментте.
Олар көлікті екі тәулік бойы қыздырып, жүргізушінің жағдайы мен көліктің дұрыстығына көз жеткізілгеннен кейін жолаушы елордаға сапарын жалғастырған.
Полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз ауа райында тас жолға шықпауға, алыс сапарлардан аулақ болуға, сондай-ақ автокөлікке қажетті құралдар алып жүруге кеңес береді.