Ертең Павлодарда бірқатар үй жарықтан ажыратылады
Оған электр желісіне жүргізілетін жөндеу жұмыстары себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
- 9 қараша күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданындағы және Жол Е – Жол К – Жол И – Жол Г-дегі тұрғын үйлерге электр қуаты берілмейді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ертең сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Щедрин көшесі – Қамзин көшесі – Геринг көшесі – Барнаульская көшесіндегі тұрғын үйлер жарықтан ажыратылады.