Ақсуда екі ауылдық округке жаңа әкімдер сайланды
Олардың кандидатурасын халық қолдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 желтоқсанда Евгеньевка мен Қалқаман ауылдық округтерінде әкімнің тікелей сайлауы өтті. Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов ауыл басшыларын округтердің активіне таныстырды.
Евгеньевка ауылдық округіне Аршат Халықов тағайындалды. Ол бұған дейін де осы лауазымды атқарып келді. Ауыл тұрғындары әкімге Евгеньевка ауылында балабақшаны кеңейту туралы ұсынысты айтты.
Ал Қалқаман ауылдық округіне Кендебай Тілеуғали сайланды. Ол мемлекеттік қызметте 2016 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бұрын Евгеньевка ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы ретінде жұмыс істеп жүрді. Жергілікті тұрғындар сайланған әкімге өздерінің ұсыныстары мен тілектерін айтты.