Бірегей әдіс: Павлодарда мұражай жойылудан аман қалды
Ағаштан салынған мұражай бірнеше жыл бойы нашар жағдайда болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әскери даңқ мұражайы қабырғаларының бірі астына қарай жерге шөгіп, кірпіштері ыдырай бастаған еді. Ғимаратты ретке келтіру үшін бөлшектеп, іргетасын құйып, орнына жаңадан салу керек болды. Бірақ құрылысшылар ерекше жолды ұстанды: іргетасты орнынан жылжытпай, тікелей ғимараттың астына қарай жасады.
Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Арман Әлиақпаровтың айтуынша, мұражайдың іргетасы аралас: бір бөлігі Пионерлер үйінің іргетасына жалғанса, екінші бөлігі бетон блоктарға тірелген.
– Жоба бойынша 70 текше метр бетон құйып, кей жерлерде ғимаратты 18-20 сантиметрге көтеру жоспарланған, – дейді Арман Әлиакпаров. – Жобаны облыс әкімі Асайын Байханов қолдап, құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 44,4 миллион теңге бөлінді.
Мамандардың айтуынша, құрылысшылар шын мәнінде мұражайдың астында жұмыс істеген. Олар астын қазып, тіректер мен бұрыштарды нығайтып, астына темір бетон төсеніш салған. Ғимаратты қазу және құрылыс жұмыстары кезінде ғимарат құламау үшін домкраттар пайдаланылды.
Периметрлік қабырғаның түбі кірпішпен қапталған. Сондай-ақ бөлмелерде едендер бірнеше қабатта оқшауланып, фарфор плиткаларымен қапталды.
ЗИС-3 зеңбірегінің астындағы қираған жердің шетін жаңарту да жоспарда бар. Бұл зеңбірек Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаев басқаратын 17-ші жеке танкке қарсы артиллериялық бригаданың құрамында болған.
Тазалық жұмыстарынан кейін көрме қалпына келтіріліп, тарихи-өлкетану мұражайының қорларындағы жаңа жәдігерлермен толықтырылады.
Мұражай қазан айының ортасында қайта ашылады деп күтілуде.