Павлодарлық бишілер бірнеше бас жүлдені жеңіп алды
Олар республикалық «Алиса в Зазеркалье» атты сюжеттік би-шоу қойылымын ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматы қаласында өткен «FANTASTIC TALENT» би додасында М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы қатысып, Гран-при иегері атанды.
Жас бишілер бірнеше номинация бойынша өнер көрсетті: халықтық стильдендірілген, эстрадалық, «Алиса в Зазеркалье» сюжеттік би-шоу қойылымы.
– Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар келді. Сахна төрінде би қойылымдары ішінен үлкен бәсекелестік пен жоғары деңгейдегі дайындықты көрдік. Бірақ біздің «Блэйз» ұжымы өзінің кәсібилігін көрсете білді. Қазылар алқасы оларды жоғары бағалады, – деді ұжым жетекшісі Любовь Корнюхина.
Конкурстың қорытындысы бойынша павлодарлық бишілер «Эстрадалық би» номинациясында – «Чарынский каньон» биі үшін, «Би-шоу» номинациясында – «Алиса в Зазеркалье» сюжеттік қойылымы, «Ұлттық-стильдендірілген» және «Эстрадалық би» номинацияларында «В плену интернета» биі үшін жеңімпаз атанды.
Еске сала кетейік, редакция тілшісі «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының құрылу тарихын егжей-тегжейлі баяндаған болатын.