Бүгін Павлодар облысында қатты аяз күтіледі

Бүгін Павлодар облысында қатты аяз күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Ауа температурасы -38°C-қа дейін аяз төмендейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 27 ақпан күні облыста түнде ауа температурасы -33...-38°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз -22...-27°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жаууы мүмкін. желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде -35...-37°C. Күндіз -23...-25°C. Ауа райы құбылмалы болады.