6 қаңтар Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз 0...-5 °C-ты көрсетеді. Қар, боран, көктайғақ болады.
Павлодарда ауа температурасы күндіз -2...-4 °C-қа дейін төмендейді. Бұлтты, қар, боран, жолдарда көктайғақ күтіледі.