Балаларды қашықтықтан оқытуға жіберу туралы ақпарат – жалған

Балаларды қашықтықтан оқытуға жіберу туралы ақпарат – жалған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР ДС Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі

Комитет барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырады.

Айта кетейік, мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтықтан оқытуға жібереді және мекемелерде бетперде режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. 

–  Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі, – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде. 

Қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.