Банктен қоңырау: Полицейлер павлодарлықтарға алаяқтық туралы ескертуде
Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде алаяқтардың қулықтарына түспеу туралы кеңес берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, трамвайлардың, автобустардың жолаушыларына және сауда үйлерінің қызметкерлеріне телефон және интернет алаяқтарының қалай жұмыс істейтіні айтылды.
– Көбінесе алаяқтар «банктен қоңырау шалып жатыр» деп айтады және олар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады. Жәбірленушіні психологиялық тұрғыдан өзіне сендіру үшін алдымен өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Негізгі схемалар – интернет және қоңыраулар арқылы зат сату кезінде өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, алдын ала төлемді талап етеді, – дейді «Cyberpool» жедел тергеу тобының жетекшісі, полиция майоры Ренат Ахметжанов.
Тәуекел тобына негізінен зейнеткерлікке дейінгі және зейнеткерлік жастағы адамдар кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың басынан бастап Павлодар қаласының аумағында алаяқтықтың 17 фактісі тіркелген. Келтірілген залал сомасы 13 123 100 теңгені құрады.