Павлодар облысында картоп арзандады

Статистиктер инфляция деңгейін зерттеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірде 2025 жылғы шілдедегі тұтыну бағаларының индексі 100,7%-ды, азық-түлік тауарларына – 100,5%-ды, азық-түлік емес тауарларға – 100,9%-ды, ақылы қызметтерге – 100,7%-ды құрады.
Азық-түлік тобында жұмыртқа бағасы 4,7%-ға, ет және ет өнімдерін қоса алғанда – 1,7%-ға, балық және теңіз өнімдері – 1%-ға, нан өнімдері мен жарма – 0,8%-ға, май және тоң майлар – 0,1%-ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің бағасы 0,9%-ға өсті.
– Көкөністер мен жемістерден қырыққабат 18%-ға, алма – 6,6%-ға қымбаттады, сонымен қатар картоп 11,4%-ға, пияз – 10%-ға, сәбіз – 3,7%-ға арзандады, – деді облыстық статистика департаментінде.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде зергерлік бұйымдар мен сағаттар 5,7%, бензин – 1,6%, киім және аяқ киім – 1,5%, фармацевтикалық өнімдері – 0,9%, тұрмыстық техника – 0,3%, жуғыш және тазалау құралдары – 0,1% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсетулер бойынша қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 5,9%-ға, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша қызметтер – 5%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері – 2,1%-ға, көлік қызметірі – 0,2%-ға өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді.