Павлодарда әйелдердің ғылымдағы рөлі талқыланды
Ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Торайғыров университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, оған Мәжіліс депутаты Вера Ким, облыстық мәслихат депутаттары Света Абдраманова мен Сандуғаш Қалижанова және «AMANAT» партиясы өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова қатысты.
– Бүгінде қазақстандық ғылымға үлкен көңіл бөлінуде. Бұл жерде алдағы жылдары елдің жалпы ішкі өнімін 1%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырған қаржыландыру туралы айтуға болады. Сондықтан бүгін біз жалпы ғалымдарды және ғылымда жұмыс істейтін әйелдерді қолдау туралы ойланудамыз, – деп атап өтті ToU ректоры Еркін Садықов.
Вера Кимнің айтуынша, бүгінде «AMANAT» партиясының құрамында әйелдер қанаты бірден 10 түрлі бағытта жұмыс істейді. Олардың бірі әйелдердің ғылымдағы рөліне арналған.
– Қазақстандық әйелдер өздерін ғылым саласында да көптен бері белсенді көрсетіп келеді. Мұның жарқын мысалы – Qazvac коронавирусқа қарсы вакцина жасаушылардың бірі болып табылатын Күнсұлу Закария. Сондықтан біздің әйелдер өз рөлдері туралы нақты айтуы керек. Жерлестеріміз олар туралы білуі үшін әртүрлі саладағы әйелдердің жетістіктері туралы айту қажет, – деді Вера Ким.
Сондай-ақ, Торайғыров университеті өкілдеріне отандық ғылымды дамыту және ғалымдарды қолдау туралы өз көзқарастарымен бөлісу ұсынылды. Мұны қазақстандық мәжілісмендердің жұмысына түскен «Ғылым туралы» заң жобасын қарау аясында жасауға болады.