Бас имам Павлодар облысының кәсіпкерлеріне үндеу жасады

Бас имам Павлодар облысының кәсіпкерлеріне үндеу жасады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының имамы Жолдас Бертымұратов кәсіп иелерін қайырымдылық жасауға шақырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Биыл Ораза айы 29 күнге жалғасады. Бұл айда істеген жақсылығымыз жеті жүз есе қабыл болады. Осыған байланысты кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға, сауда желілеріне қайырымдылық шараларына атсалысуға және арақ-шарап сатпауға үндеймін, – деді Жолдас Бертымұратов.

Сондай-ақ ҚМДБ өкілі адам дүниеден өткеннен кейін атқарылатын қырқы, жетісі, жылы сияқты шаралар мен құрмалдықты ораза айында ауызашар уақытында  өткізуге шақырды. 

Айта кетейік, сәуір айының 17-сінен 18-іне қараған түні Қадір түні болып саналады. 21 сәуір күні Айт мерекесі атап өтіледі. Пітір садақасы – 535 теңге,  яғни екі келі ұнның бағасы болып бекітілді. Жағдайы бар кісілер екі келі мейізбен немесе төрт келі құрмамен беруге болады.