Кенжекөлде өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді (ВИДЕО)

Кенжекөлде өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалын үш гектар аумақты шарпыған, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, 10 мамырда Кенжекөл ауылының шетінде құрғақ шөп пен қамыс өртенген.

– Өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерге қауіп төнді. Оқиға орнына  жеке құрамнан төрт техника мен 12 адам шықты.  Үш гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс  жанды, – дейді департаментте. 

№ 3 өрт сөндіру бөлімі кезекші қарауылының жедел іс-қимылының арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Кенжекөл ауылының тұрғыны жедел  шақыру орнына келіп, тілсіз жауды  сөндірген өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????????Pavlodar oblysynyń ТJD (@pavlodar_tjd)