Баянауыл ауданында роботехника кабинеті ашылды

Баянауыл ауданында роботехника кабинеті ашылды

Жұмат Шанин ауылындағы Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта мектебінде ашылған кабинет заманауи үлгіде жабдықталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, іс-шараға қазақ халқының біртуар перзенттерінің бірі Қошке Кемеңгеровтің ұрпақтары және «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мұрындық  болған. 

– Кабинетке жеңіл жөңдеу жұмыстары жасалып, 3 миллион 400 мың теңгеге оқушыларға арналған 10 жұмыс контейнері сыйға тартылды.  Бүгінде IT саласындағы өзгерістер адамзаттың өмірін өзгертуде.  Кабинетті ашудың басты мақсаты – заман талабына сай оқушылардың робототехника мен цифрлық технологияларды меңгеруіне жағдай жасау. Мектебіміздің  оқушылары IT саласында зор үлесін қосады деген сенімдеміз, – дейді білім беру бөлімінің әдіскері Махаббат Сәдуақасова. 

Роботехника кабинетінің ашылуына  ардагер ұстаз, Ресейдің «Оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісі иегері,  алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке Кемеңгеровтің немересі Ризабек Нарманбетұлы  мен шөберелері – Л.Н.Гумилев атындағы университеттің профессоры, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, Бейбіт Кемеңгер  қатысты.