Баянауыл ауданының үш ауылында су құбыры жүргізіліп жатыр

Баянауыл ауданының үш ауылында су құбыры жүргізіліп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш ауылда да су құбыры магистралі толығымен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ардақ Кісентаев Instagram парақшасында мәлімдеді.

Бүгінгі күні Ж. Аймауытов ауылында бірінші және екінші сорғы станциясының арасында магистраль салынуда. Үйлерге су құбырын кіргізу жұмыстары 90% орындалып, фундаментке дейін жеткізілді. Оның ішінде, 50 үйге су құбыры тегін тартылса, қалған үйлерге бекітілген төлем бойынша жүргізілуде. Шонай ауылында бірінші және екінші сорғы станциясы арасында да магистарль тарту жұмыстары аяқталды. Тұрғын үйдің іргетасына дейін су құбырын тарту жұмыстары 98 % орындалды. Шоманкөл ауылында халықтың 95%-на үй іргесіне дейін су құбыры тартылды, – деп жазды әкім әлеуметтік желіде.

Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін толығымен аяқтап, су құбырын пайдалануға беру жоспарланған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ардак Ксентаев (@ardakksentaev)