Екібастұздық энергетиктер электр желілерінің тозуын азайтуға қатысты болжам жасады
Қайта құру 2002 жылдан бері жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің инвестициялық бағдарламаның іске асырылуын бақылау жөніндегі «Горэлектросеть» ЖШС нысандарында өткен баспасөз турында айтылды.
Ағымдағы жылы Солтүстік ауданындағы электр қосалқы станциялары инвестициялық бағдарлама бойынша 150 миллион теңгеге кернеуі 35-тен 10 киловатт, қуаттылығы 16 мың киловольт-ампер трансформаторды орнатты. 1962 жылдан бері жұмыс істеп тұрған бұрынғы трансформатор он киловольттық кернеу деңгейін реттеуге мүмкіндік бермегендіктен, қала нысандарын қажетті электр қуаты деңгейімен қамтамасыз ету мүмкін болмады.
Электр желілерінің басым бөлігі қала салынғаннан бері тартылған, сондықтан пайдалану мерзімінен асып кетті. Энергетикалық желілер мен жабдықтардың тозуы 57 пайызды құрап отыр.
Жыл ішінде тозу 3-4 пайызға азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай тозуды 15 пайызға дейін төмендету керек.
– Дегенмен, тозуды 57 пайыздан 15 пайызға төмендету мүмкін емес. Желілерді жөндеуді 2002 жылынан бері жүргізіп жатырмыз. Стандартты қызмет ету мерзімі – 20 жыл. Біз жөндеу жұмыстарына бес жыл жұмсағанда алдыңғы бес жылдың ішінде жөнделген электр желілері қайта тозады. Біз жылына он шақырым желіні ауыстырамыз, бұл – өте аз, өйткені желілерінің жалпы ұзындығы – 400 шақырым. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын есептемегенде бір шақырымдық желіні жөндеуге он миллион теңгеге жуық қажет, – дейді «Горэлектросеть» ЖШС бас инженері Сергей Даниленко.
Оның айтуынша, мұндай жұмыстарды асыру үшін ауқымды жобаларды құрастыру керек. Осындай жұмыстар көп уақыт пен қосымша шығындарды қажет етеді.
Жаңа инвестициялық жоба 2025-2029 жылдарға әзірленді, бірақ әлі бекітілмеген.
Фото: Асия Серикова